Жаңалықтар

05 Қар
Жаңалықтар

🏆 «ZHETYSU ENGINEERING» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҒАРЫЛДЫ!

2026 жылғы 4 қарашада оқушылардың ғылыми-зерттеушілік әлеуетін дамытуға, шығармашылық ізденісін ынталандыруға және инновациялық идеяларын қолдауға бағытталған «Zhetysu Engineering» облыстық зерттеу жобалары конкурсы өз мәресіне жетті. Білім мен ғылымды ұштастырған байқауға Жетісу облысының мектептерінен 85 оқушы қатысып, 66 ғылыми жобасын ұсынды. Байқау қорытындысы бойынша 38 жоба үздік деп танылып, 62 оқушы І, ІІ, ІІІ орындармен марапатталды. […]

05 Қар
Жаңалықтар

«Zhetysu Engineering» облыстық конкурсы қорытындыланды

2026 жылғы 4 қарашада оқушылардың ғылыми-зерттеушілік әлеуетін арттыруға, шығармашылық ізденісі мен инновациялық идеяларын қолдауға бағытталған «Zhetysu Engineering» облыстық зерттеу жобалары конкурсы өтті. Байқауға облыс мектептерінен 85 оқушы қатысып, 66 жобасын ұсынды. Нәтижесінде 38 жоба үздік деп танылып, 62 оқушы 1,2,3 орындармен марапаттарға ие болды. Жас зерттеушілердің тың идеялары мен ізденістері өңірдің ғылыми-инновациялық дамуына қосылған маңызды […]

03 Қар
Жаңалықтар

Жетісу облысында ауыл мектептері оқушыларының республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өтті

2026 жылғы 28–29 қазан күндері Жетісу облысында ауыл мектептерінің 9–11 (12) сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІІ (облыстық) кезеңі өтті. Олимпиаданың облыстық кезеңі Жетісу облысының аудан және қала орталықтарындағы 8 арнайы локацияда ұйымдастырылып, оған өңір бойынша 1 144 оқушы қатысты. Зияткерлік сайыс екі турдан тұрды. Бірінші тур 28 қазанда, екінші […]

03 Қар
Жаңалықтар

АЙҚАНАТ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ!

📚 Жетісу облысының 8 ауданынан ауыл мектептерінің 8-сынып оқушылары Республикалық «Айқанат» олимпиадасының аудандық кезеңіне қатысты! ✨ Биылғы білім додасында өңіріміздің 2 510 оқушысы бақ сынап, өз білімдері мен қабілеттерін көрсетті. Бұл — ауыл балаларының үлкен арманға, жарқын болашаққа және сапалы білімге жасаған маңызды қадамы. 💫 «Айқанат» — жай ғана олимпиада емес, ауыл балаларының мүмкіндіктерін ашып, […]

23 Қаз
Жаңалықтар

🏆 «Махамбет оқулары» республикалық байқауының қорытынды кезеңі өтті

2026 жылғы 22–23 қазан күндері Атырау қаласында «Махамбет оқулары» республикалық байқауының қорытынды кезеңі өтті. Байқау нәтижесінде Жетісу облысының оқушылары жүлделі орындарға ие болды. 🥈 Қанатбек Нұрсұлтан — Ынтымақ ауылы №30 орта мектебінің 10-сынып оқушысы, ІІ орын иегері. 🎓 Байболат Еркежан — Ескелді ауданы Жетісу орта мектебінің 9-сынып оқушысы, Грамота иегері. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!

22 Қаз
Жаңалықтар

2026 жылғы 21 қазанда 9–10-сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» республикалық интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңі өтті

Конкурстың мақсаты – оқушылардың туған өлке тарихына деген қызығушылығын арттыру, тарихи дереккөздерді іздеу, зерделеу, талдау және салыстыру дағдыларын дамыту. Конкурс екі турдан тұрады. Бірінші турда қатысушылар Қазақстан тарихы пәні бойынша тест тапсырмаларын орындайды. Екінші турда өз бағыттары бойынша дайындаған жұмыстарын қорғап, зерттеу нәтижелерін ұсынды. Облыстық кезеңге Жетісу облысы бойынша 51 оқушы қатысып, 28 қатысушы жүлдегер […]

20 Қаз
Жаңалықтар

🧠 «MI-BATTLE» — білім мен зияткерліктің жарқын бәсекесі! 🏆

Республика күніне орай 2026 жылғы 20 қазанда Талдықорған қаласындағы №12 орта мектеп-гимназиясында «MI-Battle» зияткерлік-командалық сайысының облыстық кезеңі өтті. 🎯 Өңіріміздегі жас ұрпақтың интеллектуалдық әлеуетін арттыруға, сыни ойлау қабілетін дамытуға, командалық жұмыс пен көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған ауқымды білім беру жобасына Жетісу облысының түкпір-түкпірінен 100 қатысушыдан құралған 21 команда қатысты. ✨ Сайысқа аудандық және қалалық білім […]

20 Қаз
Жаңалықтар

✨ ЖАРAТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКА ЦИКЛЫ ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ХIХ ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДА

2026 жылғы 16 қазан жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша ХIX Президенттік олимпиаданың екінші (іріктеу) кезеңі өтуде. Олимпидаға аудандық (іріктеу)кезеңнен өткен 20 оқушы қатысып, бақтарын сынауда. Президенттік олимпида екі турда өтеді: – бірінші тур (тестілеу) – екінші тур (шығармашылық, эссе жазу) Екінші кезеңінен сәтті өткен оқушылар Президенттік олимпиаданың үшінші (қорытынды) кезеңіне жолдама алады. Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!

19 Қаз
Жаңалықтар

2026 жылғы 16 қазанда Жетісу облысында көрнекті жерлес ақынның әдеби мұрасын дәріптеу мақсатында «Қуат Қайранбаев оқулары» облыстық байқауы өтті

Байқаудың басты мақсаты — Қуат Қайранбаевтың шығармаларын кеңінен насихаттау, жас ұрпақтың ұлттық әдебиетке, сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру және дарынды жастарды анықтап, оларға қолдау көрсету болып табылады. Рухани шараға Жетісу облысының түкпір-түкпірінен 45 оқушы қатысып, бақ сынасты. Ақын шығармашылығына деген құрметі мен ерекше талантын танытқан қатысушылардың ішінен 24 оқушы жүлделі орындармен және дипломдармен марапатталды.

12 Қаз
Жаңалықтар

Жетісу облысында Кемел Тоқаевтың шығармашылығына арналған облыстық байқау өтті

2026 жылғы 9 қазанда Жетісу облысында көрнекті жазушы, қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының дамуына елеулі үлес қосқан Кемел Тоқаевтың шығармашылығын насихаттауға арналған «Кемел Тоқаевтың қазақ әдебиетіндегі рөлі» атты облыстық шығармашылық байқау өтті. Байқауға облыс бойынша 91 оқушы қатысып, олардың 56-сы жүлделі орындарға ие болды. Қатысушылар жазушының әдеби мұрасын зерделеп, шығармашылық қабілеттері мен көркем ойлау дағдыларын көрсетті. […]

24 Қыр
Жаңалықтар

🏆 «Ақберен» өнер байқауының облыстық кезеңі өтті

2026 жылғы 24 қыркүйек күні республикалық шығармашыл оқушылар арасындағы «Ақберен» өнер байқауының облыстық кезеңі өтті. Байқауға облыс көлемінен 66 оқушы қатысып, нәтижесінде 33 оқушы жүлделі орындарға ие болды. 🏅 І орын иегерлері байқаудың қорытынды кезеңіне жолдама алды. Барша жүлдегерлерді құттықтаймыз! Алдағы байқауларда сәттілік тілейміз!

18 Қыр
Жаңалықтар

✨ Жетісу облысы бойынша «Мың бала» ұлттық олимпиадасының қорытындысы (2026-2027 оқу жылы)

Ауыл мектептерінің дарынды балаларын қолдауға бағытталған республикалық «Мың бала» олимпиадасының бұл маусымы да сәтті аяқталды! 📊 Негізгі көрсеткіштер:Тіркеліп, 1-кезеңге қатысқандар: 2547 оқушы 2-кезеңге өткендер: 173 оқушы Жалпы жеңімпаздар: 33 оқушы Мамандандырылған мектептерге квотамен түскендер: 14 оқушы 🎓 Бұл жоба — ауыл балаларына еліміздің үздік зияткерлік мектептері мен лицейлерінде (БИЛ, «Дарын», «Зерде» т.б.) тегін білім алуға […]

Біздің байланыс орталығымызға жазыңыз немесе қоңырау шалыңыз