30 Қаң
Жаңалықтар / Олимпиадалар
🔖🔖🔖 Еліміздің елордасы Астана қаласында өткен ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының жүлдегерлерін «Жетісу дарыны» оқу-әдістемелік орталығының мамандары, ата-аналар, ұстаздар ерекше ықыласпен қарсы алып, құттықтады. 🥇🥈🥉 Жетісу облысы бойынша олимпиадаға 40 оқушы қатысып, 22 оқушы жүлделі орынмен (6 алтын, 6 күміс, 10 қола медаль және 5 грамота) оралды.
30 Қаң
Жаңалықтар / Конкурстар
🔰 2024 жылғы 30 қаңтарда 2-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының ХІХ республикалық «Зерде» конкурсының қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша қорытынды кезеңі өткізілуде. 📚 Конкурс мақсаты – бастауыш және орта буынды оқушылардың интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін және танымдық қызығушылықтарын ынталандыру мен оларға қолдау таныту. 📌 «Зерде» конкурсы «Дарын» РҒПО ұйымдастыруымен Ақмола облысы «Щучинск» шипажайының базасында өтіп жатыр.