20Қаз
Жаңалықтар

🧠 «MI-BATTLE» — білім мен зияткерліктің жарқын бәсекесі! 🏆

Республика күніне орай 2026 жылғы 20 қазанда Талдықорған қаласындағы №12 орта мектеп-гимназиясында «MI-Battle» зияткерлік-командалық сайысының облыстық кезеңі өтті.
🎯 Өңіріміздегі жас ұрпақтың интеллектуалдық әлеуетін арттыруға, сыни ойлау қабілетін дамытуға, командалық жұмыс пен көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған ауқымды білім беру жобасына Жетісу облысының түкпір-түкпірінен 100 қатысушыдан құралған 21 команда қатысты.
✨ Сайысқа аудандық және қалалық білім бөлімдеріне қарасты мектептердің, сондай-ақ мамандандырылған және жекеменшік білім беру ұйымдарының командалары қатысып, өздерінің білім деңгейін, тапқырлығын, логикалық ойлау қабілеті мен ұйымшылдығын көрсетті.
🏆 Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер Жетісу облысының білім басқармасы атынан І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
💐 Барлық қатысушыларды, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Жас зияткерлерге толағай табыс, биік белестер мен жаңа жеңістер тілейміз!
Білімді ұрпақ — ел болашағы!
Зияткерлік сайыс — жарқын жетістіктер бастауы!

Біздің байланыс орталығымызға жазыңыз немесе қоңырау шалыңыз