2026 жылғы 4 қарашада оқушылардың ғылыми-зерттеушілік әлеуетін дамытуға, шығармашылық ізденісін ынталандыруға және инновациялық идеяларын қолдауға бағытталған «Zhetysu Engineering» облыстық зерттеу жобалары конкурсы өз мәресіне жетті.
Білім мен ғылымды ұштастырған байқауға Жетісу облысының мектептерінен 85 оқушы қатысып, 66 ғылыми жобасын ұсынды.
Байқау қорытындысы бойынша 38 жоба үздік деп танылып, 62 оқушы І, ІІ, ІІІ орындармен марапатталды.
Бұл байқау – жас зерттеушілердің тың идеяларын жүзеге асыруға, инженерлік ойлау қабілетін дамытуға және ғылымға деген қызығушылығын арттыруға жол ашатын маңызды алаң.
🌟 Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Барша қатысушыларға шығармашылық шабыт, жаңа ғылыми жаңалықтар мен толағай табыстар тілейміз!
Бүгінгі жас зерттеуші – ертеңгі ел ғылымы мен инновациясының қозғаушы күші!
Біздің байланыс орталығымызға жазыңыз немесе қоңырау шалыңыз







