📚 Жетісу облысының 8 ауданынан ауыл мектептерінің 8-сынып оқушылары Республикалық «Айқанат» олимпиадасының аудандық кезеңіне қатысты!
✨ Биылғы білім додасында өңіріміздің 2 510 оқушысы бақ сынап, өз білімдері мен қабілеттерін көрсетті. Бұл — ауыл балаларының үлкен арманға, жарқын болашаққа және сапалы білімге жасаған маңызды қадамы.
💫 «Айқанат» — жай ғана олимпиада емес, ауыл балаларының мүмкіндіктерін ашып, армандарына қанат бітіретін үлкен білім жолы!
🎯 Әрбір қатысушыға сәттілік, сенімділік және жоғары нәтиже тілейміз! Білімдеріңді дәлелдеп, биік белестерді бағындырып, армандаған мектептеріңе жолдама алуларыңа тілектеспіз!
Қанаттарың талмасын, жас талапкерлер! Армандарың асқақ, қадамдарың нық болсын! 🚀
Біздің байланыс орталығымызға жазыңыз немесе қоңырау шалыңыз






