Жетісу облысының білім басқармасы, «Жетісу дарыны» облыстық оқу-әдістемелік орталығы және М. Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі Біржан мен Сара айтысының 155 жылдығына орай «Біржан мен Сараның айтысы – ұлттық өнердің айнасы» атты облыстық жас ақындар айтысын өткізеді.
Ұлттық сөз өнерінің мерейін асырып, суырыпсалмалық пен шешендік дәстүрді дәріптейтін жыр додасына Жетісу облысының 5–11 сынып оқушылары қатыса алады.
📍 Облыстық іріктеу кезеңі:
2026 жылғы 10 қыркүйек — Талдықорған қаласы.
📍 Қорытынды кезең:
2026 жылғы 11 қыркүйек — Ақсу ауданы, Қапал ауылы.
✨ Талантты жас ақындар үшін бұл – өнерін шыңдап, сөз сайысында бақ сынап, ұлттық мұраны ұлықтайтын үлкен мүмкіндік!
Домбыраның қоңыр үні мен жырдың асыл сөзін тоғыстырған дәстүрлі додада жас таланттардың үні асқақтасын!
Біздің байланыс орталығымызға жазыңыз немесе қоңырау шалыңыз



