15 қыркүйек күні Сарқан ауданында «JdarynUP» цифрлық жаттықтыру алаңының мүмкіндіктерін таныстыру және білім беру ұйымдарында платформаны іске қосу бойынша жұмыстар жүргізілді. Педагогтер мен білім алушыларға платформаның функционалдық мүмкіндіктері таныстырылып, оны олимпиадалық дайындықты жүйелі ұйымдастыруда тиімді пайдалану жолдары көрсетілді. Сондай-ақ білім алушылардың жеке дайындық жұмыстарын ұйымдастыру, олимпиадалық тапсырмалармен жұмыс жасау және цифрлық ресурстарды оқу үдерісіне тиімді енгізу мәселелері бойынша түсіндірме шаралары ұйымдастырылды. Мақсат – дарынды оқушылардың білімін жетілдіруге заманауи мүмкіндіктер ұсынып, олимпиадалық дайындық сапасын арттыру.
Біздің байланыс орталығымызға жазыңыз немесе қоңырау шалыңыз


