Жетісу облысының 4–11 сынып оқушылары арасында «Тергеуінді Темірғали» атты облыстық жас ақындар айтысы өтеді.
Ұлттық сөз өнерін ұлықтаған бұл жыр додасы жас ақындардың шығармашылық қабілетін шыңдап, суырыпсалмалық шеберлігін жетілдіруге, шешендік өнер мен төл мәдениетімізге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.
Айтыстың басты мақсаты – ақын Темірғали Рүстембековтің өмірі мен шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, оның өнегелі жолын жас ұрпаққа таныту және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
🎤 Айтыс екі номинация бойынша өтеді:
* Тақырыптық айтыс
* Қайым айтыс
Жас ақындар Жетісу өңірінің тарихы мен мәдениетін, ел бірлігі мен туған жер құндылықтарын, ақынның шығармашылық мұрасын жырға қосып, сөз сайысында өзара бақ сынайды.
Облыстық кезеңге аудандық кезеңнің жеңімпаздары жолдама алады.
📅 Өтетін күні: 2026 жылғы 28 қыркүйек
✨ Жырдан шашу шашып, сөзден маржан терген жас таланттардың өнеріне қолдау білдірейік! Ұлттық өнердің өрісін кеңейтер жыр додасына сәттілік тілейміз!+
Біздің байланыс орталығымызға жазыңыз немесе қоңырау шалыңыз



