28Сәу
Жаңалықтар

🏆 2026 жылғы «Мың бала» олимпиадасы

2026 жылдың 28 сәуірінде Талдықорған қаласында «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасының ІІ кезеңі өтті.
📊 Жетісу облысы бойынша:
▪️ 2547 оқушы тіркелді
▪️ 1342 оқушы І кезеңнен өтті
▪️ 189 оқушы ІІ кезеңге жолдама алды
«Мың бала» – ауыл мектептеріндегі дарынды оқушыларды қолдауға арналған маңызды жоба. Олимпиадаға 5–6 сынып оқушылары қатысып, өз білімдері мен қабілеттерін сынайды.
🎯 Негізгі мақсат – ауыл балаларына сапалы білім алуға мүмкіндік беру және олардың дарынын дамыту.
✨ Жеңімпаздар еліміздің үздік зияткерлік мектептерінде білім алу мүмкіндігіне ие болады!
#МыңБала #Олимпиада2026 #Жетісу #ДарындыБалалар

Біздің байланыс орталығымызға жазыңыз немесе қоңырау шалыңыз