23Сәу
Жаңалықтар

🔰2026 жылғы 20–22 сәуір күндері Астана қаласында өткен 7–8 сынып оқушыларына арналған биология және химия пәндері бойынша «KERUEN SCIENCE» республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңі өз мәрсесіне жетті

🎯 Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың жаратылыстану пәндеріне қызығушылығын арттыру, ғылыми ойлау қабілеттерін дамыту және дарынды жастарды анықтау.
🏆 Қорытынды бойынша облысымыздың оқушылары жүлделі орындарға ие болды:
🥈 ІІ орын:
* Ержанқызы Ұлжан, 7 сынып оқушысы, Мұхтар Арын атындағы №24 мамандандырылған лицей.
🥉 ІІІ орын:
* Тұрархан Назерке, 8 сынып оқушысы, №20 мамандандырылған лицей;
* Цой Ярослав, 7 сынып оқушысы, Қаратал ауданы, С.И. Морозов атындағы №51 орта мектеп-гимназиясы.
📜 Грамота иегерлері:
* Бақыт Айым, 7 сынып оқушысы, Мұхтар Арын атындағы №24 мамандандырылған лицей;
* Сейілхан Аружан, 8 сынып оқушысы, Мұхтар Арын атындағы №24 мамандандырылған лицей.
👏 Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы білім жолында толағай табыстар тілейміз!

Біздің байланыс орталығымызға жазыңыз немесе қоңырау шалыңыз