30Сәу
Жаңалықтар

«JETISU TURBOLAB-2026» облыстық имидждік турнирі – Жетісу облысы оқушыларының техникалық шығармашылығын, инженерлік ойлау қабілеттерін және инновациялық әлеуетін дамытуға бағытталған ауқымды білім беру алаңы ретінде ұйымдастырылды

Аталған іс-шара заманауи робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологияларды дәріптеумен қатар, ұлттық ойындарды жаңаша форматта енгізу арқылы тәрбиелік және мәдени құндылықтарды ұштастыруға мүмкіндік берді.
Турнирге Жетісу облысының 8 ауданы (Ақсу, Алакөл, Ескелді, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Сарқан, Қаратал) мен 2 қаласынан (Талдықорған, Текелі) жалпы саны 80 оқушы қатысып, 3 бағыт бойынша өзара бақ сынасты: «Асық ату», «Арқан тартыс» және «Қазақша күрес». Қатысушылардың өнері робототехника саласының кәсіби мамандарынан құралған қазылар алқасы тарапынан әділ әрі жан-жақты бағаланды.

Біздің байланыс орталығымызға жазыңыз немесе қоңырау шалыңыз