🔰Жетісу жастары – республикалық олимпиада жүлдегерлері!
✅2026 жылғы 2–5 мамыр аралығында Астана қаласында 9–11 сынып оқушыларына арналған «Қаржылық сауаттылық және қауіпсіздік» бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.
✅Білім мен бәсеке тоғысқан додада Жетісу облысының намысын қорғаған 4 оқушы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, олардың екеуі жүлделі орындарға ие болды.
🎗️ІІІ орын иегерлері:
– Афиндеев Тигран, №20 мамандандырылған лицейдің 9-сынып оқушысы;
– Балгабаев Мансур, «Білім-Инновация» мамандандырылған лицейінің 11-сынып оқушысы.
✅Жас зияткерлерімізді жарқын жетістіктерімен құттықтаймыз! Алар асуларыңыз биік, білім жолындағы жеңістеріңіз көп болсын!
Біздің байланыс орталығымызға жазыңыз немесе қоңырау шалыңыз





