12Мам
Жаңалықтар

2026 жылғы 9–15 мамыр аралығында Талдықорған қаласындағы «Білім-Инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 10-сынып оқушылары Болысбай Нұркелді мен Башаров Аслан Regeneron International Science and Engineering Fair (ISEF) халықаралық ғылыми жобалар байқауына қатысады

ISEF — мектеп оқушыларына арналған әлемдегі ең беделді халықаралық ғылыми жобалар байқауларының бірі. Аталған байқауға әлемнің әртүрлі елдерінен үздік жас зерттеушілер қатысып, өз ғылыми жобаларын қорғайды.

Бұл — Жетісу облысы үшін ISEF халықаралық байқауына алғашқы қатысу. Дарынды оқушыларымыздың әлемдік деңгейдегі беделді ғылыми алаңға шығуы — өңіріміз үшін үлкен мақтаныш әрі тарихи жетістік.

Білімді де талантты жас ғалымдарымызға сәттілік тілейміз!

Біздің байланыс орталығымызға жазыңыз немесе қоңырау шалыңыз