03Қар
Жаңалықтар

Жетісу облысында ауыл мектептері оқушыларының республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өтті

2026 жылғы 28–29 қазан күндері Жетісу облысында ауыл мектептерінің 9–11 (12) сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІІ (облыстық) кезеңі өтті.

Олимпиаданың облыстық кезеңі Жетісу облысының аудан және қала орталықтарындағы 8 арнайы локацияда ұйымдастырылып, оған өңір бойынша 1 144 оқушы қатысты.

Зияткерлік сайыс екі турдан тұрды. Бірінші тур 28 қазанда, екінші тур 29 қазанда өткізілді. Қатысушылар жалпы білім беретін пәндер бойынша өз білімдері мен дайындық деңгейлерін көрсетіп, зияткерлік қабілеттерін сынады.

Олимпиаданың негізгі мақсаты – ауыл мектептеріндегі дарынды оқушыларды анықтау, олардың білім деңгейін саралау, зияткерлік әлеуетін дамыту және республикалық кезеңге үздік қатысушыларды іріктеу.

Аталған білім додасы ауыл мектептері оқушыларының білімін шыңдауға, өз қабілеттерін танытуға және республикалық деңгейде бақ сынауға мүмкіндік беретін маңызды алаң болды.

Облыстық кезеңге қатысқан барлық оқушыларға алғыс білдіреміз. Үздік нәтиже көрсеткен оқушыларға республикалық кезеңде сәттілік тілейміз!

Біздің байланыс орталығымызға жазыңыз немесе қоңырау шалыңыз