18Қыр
Жаңалықтар

🚀 «ZHETYSU ENGINEERING» – ИДЕЯДАН НАҚТЫ ЖОБАҒА!

Идеяң бар ма?
Оны зерттеп, нақты жобаға айналдыр да, Жетісудың дамуына өз үлесіңді қос!
💡 Жаңа идея. Терең зерттеу. Нақты нәтиже.
Ауыл шаруашылығы, туризм, көлік пен логистика немесе креативті индустрия саласына қызығушылық танытсаң, «Zhetysu Engineering» облыстық зерттеу жобалары конкурсы – өз идеяңды танытып, тың бастамаңды жүзеге асыруға берілген мүмкіндік!
📅 Облыстық кезең – 2026 жылғы 13 қазан
🎯 Конкурстың мақсаты – ауыл шаруашылығы мен туризмді дамытуға бағытталған инновациялық жобалар мен тың бастамаларды қолдау, Жетісу өңірінің туристік әлеуетін арттыру және жас зерттеушілердің жаңа идеяларына жол ашу.
🔹 4 бағыт – 4 мүмкіндік:
🌱 Ауыл шаруашылығы – үздік инновациялық зерттеу жобасы;
🏔️ Туризм – тәжірибелік-зерттеу инсайты;
🚚 Көлік және логистика – үздік көлік-логистикалық жоба;
🎨 Креативті индустрия – үздік шығармашылық жоба.
👥 Кімдер қатыса алады?
10–11 сынып оқушылары және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 1–3 курс білім алушылары.
🌐 Конкурс қазақ және орыс тілдерінде өткізіледі.
📩 Қатысу үшін:
Облыстық кезеңге қатысуға арналған ресми сұраныс 2026 жылғы 25 қыркүйекке дейін
7su.daryn@gmail.com электрондық поштасына жолдануы қажет.
✨ Идеяңды ұсын. Зертте. Жобала. Болашақты өзгерт!
Жетісудың ертеңі – бүгінгі жас зерттеушінің идеясынан басталады!

Біздің байланыс орталығымызға жазыңыз немесе қоңырау шалыңыз