08Қыр
Жаңалықтар

🔬 Республикалық ғылыми жоба конкурсы

9–11(12) сынып оқушыларына арналған Республикалық ғылыми жоба конкурсының ережесіне өзгеріс енгізілді.

📌 Жаңартылған ережеге сәйкес конкурс 2 бағыт бойынша 19 секцияны қамтиды:

🔹 Жаратылыстану-математикалық бағыт секциялары:
– Физика;
– Жер және ғарыш туралы ғылым. Астрономия;
– Математика, қолданбалы математика;
– Робототехника, STEM;
– Экономика және қаржы;
– Креативті индустрия;
– Ақпараттық жүйелер мен технологиялар. Есептеу нейроғылымы;
– География және туризм;
– Химия. Қоршаған орта химиясы;
– Биология және өмір туралы ғылымдар. Биохимия;
– Экология.

🔹 Қоғамдық-гуманитарлық бағыт:

Тіл білімі (қазақ тілі);
Тіл білімі (орыс тілі);
Тіл білімі (ағылшын тілі);
Әдебиет (қазақ);
Әдебиет (орыс);
Тарих. Адам және қоғам;
Дүниежүзілік мәдени мұра. Түркітілдес елдер мен қазақ халқының мәдениеті.
Әлем халықтарының этнографиясы;
Әлеуметтік желілер және маркетинг.

📅 Жобаларды тіркеу мерзімі – 2026 жылғы 28 тамызға дейін.

🏆 Конкурс 4 кезеңнен өтеді:
1️⃣ мектепішілік/;
2️⃣ аудандық/қалалық;
3️⃣ облыстық кезең (жобаларды қорғау, тестілеу, ғылыми жобаларды сараптау);
4️⃣ республикалық қорытынды кезең.

Біздің байланыс орталығымызға жазыңыз немесе қоңырау шалыңыз