Ұлтына ұран болған рухы биік ақын Махамбет жырларын насихаттау мақсатында өткізілетін республикалық «Махамбет оқулары» байқауының облыстық кезеңіне қатысуға шақырамыз!
Облыстық кезең 2026 жылғы 17 қыркүйекте өткізіледі. Облыстық кезеңге аудандық кезеңнің жеңімпаздары қатысады.
«Махамбет оқулары» байқауы төмендегі бағыттар бойынша өтеді:
1. «Ұлы арман» – Махамбет шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу;
2. «Ел құтқарар ер едім…» – Махамбет шығармаларын жатқа оқу конкурсы;
3. «Тартынбай сөйлер асылмын…» – жас ақындардың өз туындыларын мәнерлеп оқу конкурсы;
4. «Шашақты найза, шалқар күй» – Махамбет күйлерін орындаушылар конкурсы;
5. «Біз неткен ер , неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер» – «Хандар мен ел билеушілер», «Батырлар» тақырыбының бірін қорғау.
Жүлдегерлер дипломдармен марапатталады. Әр бағыт бойынша І орын алған оқушы байқаудың қорытынды кезеңіне жолдама алады.
Байқауға сұраныс 2026 жылдың 9 қыркүйегіне дейін аудандық/қалалық білім бөлімдерінен қабылданады. Ережесі https://7su-daryn.kz/ сайтында.
Сіздерді «Махамбет оқулары» байқауында күтеміз!
Біздің байланыс орталығымызға жазыңыз немесе қоңырау шалыңыз


