07Қыр
Жаңалықтар

Шығармашыл оқушылар арасындағы «Ақберен» республикалық өнер байқауының ережесі

Мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін, тапқырлықтары мен өлең жазу дарынын қолдау мақсатында дәстүрлі түрде өткізілетін республикалық «Ақберен» өнер байқауына қатысуға шықырамыз!
Облыстық кезеңге аудандық кезеңнің жеңімпаздары қатысады. Байқау 2026 жылдың 24 қыркүйек күні өткізіледі.
Байқау номинациялары:
1. Шешендік, білгірлік сайысы;
2. Көркемсөз оқу;
3. Эссе жазу;
4. Ұлттық аспапта өнер көрсету;
5. Ақындар айтысы;
6. Ақындар мүшәйрасы.

Жүлдегерлер дипломдармен марапатталады. Әр бағыт бойынша І орын алған оқушы байқаудың қорытынды кезеңіне жолдама алады.
Байқауға сұраныс 2026 жылдың 15 қыркүйегіне дейін аудандық/қалалық білім бөлімдерінен қабылданады. Ережесі https://7su-daryn.kz/ сайтында.

Біздің байланыс орталығымызға жазыңыз немесе қоңырау шалыңыз