18Қыр
Жаңалықтар

✨ «Қуат Қайранбаев оқулары» облыстық байқауына қатысуға шақырамыз!

Жерлес ақынымыз Қуат Қайранбаевтың шығармаларын насихаттап, жас ұрпақтың әдебиетке қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылатын байқау 2026 жылғы 16 қазанда өтеді.
Облыстық кезеңге аудандық кезеңнің жеңімпаздары қатысады.
Байқау бағыттары:
* «Өмір сүргім келеді, өлеңменен жұптаса». Ақын өлеңдерін жатқа оқу
* «Ғазал-ғұмыр». Қ. Қайранбаевтың бір шығармасына арналған буктрейлер
* «Ақын шығармасының ізімен». Шығармашылық интерпретация
* «Сезімнің тереңінен лағыл терем». Эссе жазу
Үздік қатысушылар дипломдармен марапатталады.
Ережесі https://7su-daryn.kz/ сайтында.
Қатысу үшін: Облыстық кезеңге ресми сұраныс 2026 жылғы 7 қазанға дейін 7su.daryn@gmail.com электрондық поштасына жолдануы қажет.
Сіздерді «Қуат Қайранбаев оқулары» байқауында күтеміз! Ақын әлемін өз қырыңнан таныт!

Біздің байланыс орталығымызға жазыңыз немесе қоңырау шалыңыз