Жамбыл Жабаевтың шығармашылығын насихаттау, жас ақындардың суырыпсалмалық қабілетін дамыту мақсатында 7–11 сынып оқушылары арасында «Жыр алыбы – Жамбыл» республикалық жас ақындар айтысының облыстық кезеңі 15 қыркүйек күні өтеді.
Номинациялар:
* Тақырыптық айтыс
* Қайым айтыс
Жас ақындарды өнер додасына қатысуға шақырамыз! Айтыс арқылы ұлттық өнерді дәріптеп, шығармашылық қабілеттеріңізді шыңдаңыздар!
Жүлдегерлер дипломдармен марапатталады. Әр номинация бойынша І орын алған оқушы байқаудың қорытынды кезеңіне жолдама алады.
Айтысқа сұраныс 2026 жылдың 10 қыркүйегіне дейін аудандық/қалалық білім бөлімдерінен қабылданады. Ережесі https://7su-daryn.kz/ сайтында.
Біздің байланыс орталығымызға жазыңыз немесе қоңырау шалыңыз



