🗓️2026 жылғы 7 тамыз күні Халықаралық жасөспірімдер жаратылыстану олимпиадасына (IJSO) дайындық аясында ұйымдастырылған онлайн іріктеу кезеңіне Жетісу облысынан «Білім-Инновация» мамандандырылған лицейінің 9-сынып оқушысы Мақашев Ерсұлтан қатысты.
📚Іріктеу барысында қатысушылар физика, химия және биология пәндері бойынша кешенді тапсырмаларды орындап, жаратылыстану ғылымдары бағытындағы білім деңгейі мен логикалық ойлау қабілеттерін сынайды. Нәтижесінде үздік көрсеткішке қол жеткізген оқушылар Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиынына шақырылып, халықаралық олимпиадаға қатысуға мүмкіндік алады.
🌟 Жас дарынға сәттілік тілейміз
Біздің байланыс орталығымызға жазыңыз немесе қоңырау шалыңыз


