25Жел
Жаңалықтар

Жетісу облысының білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына арналған облыстық семинар

«Жетісу дарыны» облыстық дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау оқу-әдістемелік орталығы КММ және «Облыстық психологиялық қолдау орталығы» КММ 2024-2025 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 2025 жылғы 24 желтоқсанында Талдықорған қаласындағы № 30 орта мектеп базасында облыстың білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына арналған «Дарынды балалармен талантты жастарды анықтаудағы психологиялық тәсілдер және кәсіби бағдар берудің заманауи модельдері» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.
Семинарға облыс бойынша 100 астам педагог-психологтар қатысты.
Бұл кездесуде психологтар қабілетті оқушылардың жеке ерекшеліктерін зерттеу – олардың бірегей интеллектуалды, әлеуметтік-психологиялық сипаттамаларын анықтау және кәсіби бағыт-бағдар беру тәсілдерімен бөлісті.
Мақсат – психолог мамандар арасында тәжірибе алмасу, өзекті мәселелерді талқылау, ғылыми тәжірибелік жаңашыл идеялармен бөлісу және кәсіби өз-ара ынтымақтастықты нығайту.

Біздің байланыс орталығымызға жазыңыз немесе қоңырау шалыңыз