2025 жылғы 15–16 желтоқсан күндері Алматы қаласы білім мен зияткерлік бәсекенің орталығына айналды. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер арасында өткен информатика пәнінен ХVII Еуразиялық олимпиада өз мәресіне сәтті жетті
Бұл беделді білім сайысының басты мақсаты – оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, есептеу ғылымдары, компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар саласында ерекше қабілетті, дарынды жастарды анықтау
Олимпиада екі кезеңнен тұрды. Іріктеу кезеңіне 255 командадан құралған 765 оқушы қатысып, өзара бақ сынады. Нәтижесінде үздік деп танылған Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан келген 72 команда (215 оқушы) қорытынды кезеңге жолдама алды
Бұл зияткерлік додада Жетісу облысының оқушылары да жоғары нәтиже көрсетті. Облыстан қатысқан 5 оқушының 2-еуі жүлделі орындарға ие болып, өңір абыройын асқақтатты
І орын – Исмағзи Исатай, Талдықорған қаласындағы «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мамандандырылған лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
ІІІ орын – Құдайберген Ахмет, Талдықорған қаласындағы «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мамандандырылған лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.
Біздің байланыс орталығымызға жазыңыз немесе қоңырау шалыңыз





