15Жел
Жаңалықтар

Ауыл мектептерінің 9–11(12) сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қоғамдық-гуманитарлық бағыты

Ауыл мектептерінің 9–11(12) сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қоғамдық-гуманитарлық бағыты.

Астана қаласында ауыл мектептерінің 9–11(12) сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша төртінші (қорытынды) кезеңі өз мәресіне жетті.

Жетісу облысынан 28 оқушы қатысып, облыс намысын абыроймен қорғап, 4 оқушы – І орын, 2 оқушы – ІІ орын, 4 оқушы ІІІ орын иеленді.

Командалық есепте “ҮЗДІК АУЫЛ КОМАНДАСЫ” атанды

Республикалық додада топ жарып, жүлделі орындарға ие болған дарынды жетісулық оқушылар:

І орын иегерлері:
1. Аязбаева Камилла-орыс тілі мен әдебиеті, Қаратал ауданы;
2. Шамшидинова Румина-орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, 11-сынып, Панфилов аудан;
3. Жалынбекқызы Жайнасын-қазақ тілі мен әдебиеті,11-сынып, Ақсу ауданы;
4. Үмбет Жансерік-Қазақстан тарихы, 10-сынып, Көксу аудан;

ІІ орын иегерлері:
1. Шамахунова Каммилям-орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, 10-сынып, Панфилов ауданы;
2. Нурдунгожаева Венера-орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, 11-сынып, Панфилов ауданы;

ІІІ орын иегерлері:
1. Мұса Медина-ағылшын тілі, 10-сынып, Ескелді ауданы;
2. Атай Жанель-қазақ тілі мен әдебиеті, 10-сынып, Панфилов ауданы;
3. Николенко Елена-орыс тілі мен әдебиеті, 11-сынып, Алакөл ауданы;
4. ⁠Серік Аяжан-қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, 10-сынып, Алакөл ауданы.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

Жетісудың жас зияткерлері өз өңірлерінің мерейін үстем етуде

Біздің байланыс орталығымызға жазыңыз немесе қоңырау шалыңыз