2025 жылдың 17 қазан күні сағат 09:00-де Талдықорған қаласындағы №24 мамандандырылған білім беру мекемесінің базасында FIRST халықаралық байқауының ұлттық кезеңіне арналған оқу-жаттығу жиыны жоғары деңгейде өткізілді.
Сонымен қатар, жиынға «Робототехника шараларын ұйымдастыру, шараларды цифрландыру және медиажоспарлау» бөлімінің басшысы Е. Омарханов қатысып, облыс көлемінде жүзеге асырылып жатқан инновациялық жобалар мен білім беру бағытындағы тың бастамалар жайында қатысушыларға кеңінен баяндап өтті.
Облысымыздың аудандарынан келген тәлімгерлер қатысып, робототехника әлемінде өз білімдері мен тәжірибелерін бөлісті. Іс-шара қатысушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамытып, командамен жұмыс істеу мәдениетін арттырды.
Болашақ инженерлер мен жаңашыл жастардың осындай бастамалары еліміздің ғылым мен технология саласындағы дамуына зор үлес қосары сөзсіз!
Біздің байланыс орталығымызға жазыңыз немесе қоңырау шалыңыз


