2025 жылғы 16 қазан
Бүгін, 2025 жылғы 16 қазанда, еліміздің түкпір-түкпірінде «Менің шағын Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурсының аудандық (қалалық) кезеңі өтуде!
Конкурс Астана уақытымен сағат 10:00-де барлық өңірлерде бір мезгілде басталады.
Тапсырмаларды «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы әзірлеген, ал ұйымдастыру жұмыстарын аудандық және қалалық білім бөлімдері жүргізеді.
Биыл облыс бойынша бұл кезеңге 432 оқушы қатысып отыр – бұл өз өлкесін сүйетін, білімге құштар жас буынның үлкен жетістігі!
Біздің байланыс орталығымызға жазыңыз немесе қоңырау шалыңыз


