13Қаз
Жаңалықтар

Дарынды жастарымыз – «Махамбет оқулары» байқауында жарқырады!

2025 жылғы 8-10 қазан аралығында Атырау қаласында өткен республикалық «Махамбет оқулары» байқауы Жетісу облысының дарынды оқушыларына үлкен мүмкіндік сыйлады.

Байқауға қатысқан 4 оқушының 3-уі жүлделі орынға ие болып, облыс мерейін үстем етті:

ІІ орын
— *Әбілқасым Ақбота, Талдықорған қаласы, Б.Сырттанов атындағы №25 орта мектептің 9-сынып оқушысы

ІІІ орын
— Сәулетханұлы Дархан, М.Арын атындағы №24 мамандандырылған лицей, 8-сынып
— Ернарұлы Нұрәли, М.Арын атындағы №24 мамандандырылған лицей, 8-сынып

Бұл байқаудағы жетістіктер – оқушыларымыздың таланты мен еңбекқорлығының, шығармашылық әлеуетінің жарқын дәлелі.
Олардың қазақ поэзиясына, әдебиетке деген қызығушылығы — болашақта үлкен өнер жолына жетелер сенімді қадам!

Барша жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта жаңа белестер мен шығармашылық табыстар тілейміз!

Біздің байланыс орталығымызға жазыңыз немесе қоңырау шалыңыз