2025 жылдың 19 тамыз күні «Жетісу дарыны» оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған облыстық Тамыз кеңесі өтті.
Тақырып: «Олимпиадалық қозғалыс: Қазақстандағы жаңа бағыттар мен болашаққа бағдар»
Кеңестің мақсаты – дарынды оқушылармен жұмысты жетілдіру:
Республикалық пәндік олимпиадалар мен зияткерлік конкурстардағы жаңа өзгерістерді талқылау;
Мұғалімдердің олимпиадалық даярлықтағы кәсіби құзыреттілігін арттыру;
Дарынды балаларды қолдаудағы жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу.
SMART-мақсат:
2025–2026 оқу жылында облыс мектептерінде кемінде 40% педагог олимпиада талаптарына сәйкес жүйелі жұмыс жүргізсе, 20% оқушы облыстық кезеңнен жоғары нәтижеге қол жеткізуі жоспарлануда.
Бұл басқосу – ұстаздардың тәжірибе алмасып, жаңа идеялармен шабыттанатын маңызды алаңы болды!
Біздің байланыс орталығымызға жазыңыз немесе қоңырау шалыңыз


