18Қыр
Жаңалықтар

«Кемел Тоқаевтың қазақ әдебиетіндегі рөлі» атты дарынды оқушыларға арналған облыстық шығармашылық байқауына қатысуға шақырамыз!

Құрметті оқушылар, қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының дамуына ерекше үлес қосқан көрнекті жазушы Кемел Тоқаевтың шығармаларын насихаттауға арналған дәстүрлі облыстық байқауға қатысуға шақырамыз!
Байқау 3 (үш) бағыт бойынша өткізіледі:
1. «Жазушы ізімен – жас қаламгер» – Кемел Тоқаевтың шығармаларынан алынған үзіндіні негізге ала отырып, өз ойымен оқиғаны жалғастыру;
2. «Өнерлі өрге жүзер» – жазушының шығармаларының желісі бойынша сахналық қойылым қою;
3. «Туындыдан туған ой» – бағыты бойынша эссе жазу.
«Кемел Тоқаевтың қазақ әдебиетіндегі рөлі» байқауы 2026 жылғы 02 қазанда өткізіледі. Облыстық кезеңге аудандық кезеңнің жеңімпаздары қатысады.
Сіздерді «Кемел Тоқаевтың қазақ әдебиетіндегі рөлі» байқауында күтеміз. Өз біліміңізді, шығармашылық қабілетіңізді көрсетіп, бақ сынап көріңіз! Ережесі https://7su-daryn.kz/ сайтында.
Қатысу үшін: Облыстық кезеңге ресми сұраныс 2026 жылғы 22 қыркүйекке дейін 7su.daryn@gmail.com электрондық поштасына жолдануы қажет.

Біздің байланыс орталығымызға жазыңыз немесе қоңырау шалыңыз