07Қыр
Жаңалықтар

«ТІЛ – ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ

📝 Тіркелу және қатысуды растау мерзімі:
📅 16–18 қыркүйек 2026 жыл
⏰ 09:00–20:00 аралығы

Тіркелу үшін:
🌐 www.games.daryn.kz сайтына кіріп, жеке кабинет ашу қажет.

📌 Олимпиаданың өткізілу мерзімі:
📅 22–23 қыркүйек 2026 жыл

👥 Қатысушылар: 5–10 сынып оқушылары.
Олимпиадаға қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде білім алатын, этникалық қазақ болып табылмайтын оқушылар қатысады.

💻 Олимпиада онлайн форматта жеке кабинет арқылы өткізіледі.

🏆 Нәтижелері:
📅 7 қазан 2026 жылдан бастап қатысушылар нәтижелерімен жеке кабинеттері арқылы таныса алады.

✨ Қазақ тілін меңгеруге қызығушылық танытқан оқушыларды республикалық олимпиадаға белсенді қатысуға шақырамыз!

Біздің байланыс орталығымызға жазыңыз немесе қоңырау шалыңыз