28 Ақп
Жаңалықтар / Конкурстар
🔰2024 жылы 26 ақпан -1 наурыз аралығында Тараз қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық ғылыми жобалар конкурсының төртінші қорытынды кезеңі өткізіліп жатыр. 📚Байқаудың негізгі мақсаты: Оқушылардың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету. 🏆Конкурсқа облыс атынан 17 жоба , 22 оқушы қатысып жатыр. Қатысушыларымызға сәттілік тілейміз!
27 Ақп
Жаңалықтар / Конкурстар
🔰 2024 жылғы 23-25 ақпан күндері Астана қаласында 1-11(12) сынып оқушыларына арналған робототехника бойынша «Central Asia First Championship-2024» чемпионаты өтті. Жетісу облысының AJT құрама командасы командалық есепте III орынды иеленді. AJT командасының құрамында: 1. Шарипов Нұрасыл- Талдықорған қаласы, №28 IT мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы; 2. Жақсылық Абылайхан- Талдықорған қаласы, №28 IT мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы; 3. Тұрсынбекұлы […]
24 Ақп
Жаңалықтар / Конкурстар
🔰«Дарын» РҒПО ұйымдастыруымен Ақмола облысы Щучье қаласында жаратылыстану-математика бағыты бойынша өткізіліп жатқан 2-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының ХІХ республикалық “Зерде”конкурсы өз мәресіне жетті. 🏆Жетісу облысынан 10 оқушы 10 жобамен қатысып 5 оқушы, 5 жоба жүлделі орынды иеленді, 4 оқушы грамотамен марапатталды және барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.
24 Ақп
Жаңалықтар / Олимпиадалар
2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» ХVIІ республикалық математикалық олимпиадасының облыстық кезеңінің фото -дайджест
23 Ақп
Жаңалықтар / Конкурстар
🧑🏻💻 2024 жылғы 23-25 ақпан күндері Астана қаласында 1-11(12) сынып оқушыларына арналған робототехника бойынша «Central Asia First Championship» чемпионаты өтеді. Жетісу облысынан 2 команда: Талдықорған дарынды балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мамандандырылған лицей-интернатының «SKY» командасы, Талдықорған қаласындағы Оқушылар сарайының AJT командасы қатысуда. ⏳ Конкурстың мақсаты – оқушылардың зияткерлік, шығармашылық, инженерлік-техникалық әлеуетін ашу, шығармашылық ойлауды дамыту және түпкілікті […]
22 Ақп
Жаңалықтар / Конкурстар
🏆 Ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада көрсеткен үздік нәтижелері үшін Жетісу облысының екі бірдей мектебі «Ең үздің ауыл мектебі – 2024» атағына ие болды! Көксу ауданы, Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы және Алакөл ауданы, Қабанбай №1 орта мектебі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. […]
08 Ақп
Жаңалықтар / Конкурстар
🔰2024 жылғы 8 ақпанда жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының арасындағы «Жыр алыбы- Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысының облыстық кезеңі өз мәресіне жетті. 🏆Бас жүлдені жеңіп алған қатысушылар айтыстың қорытынды кезеңіне қатысады. Жас ақындарымызды марапттарымен құттықтаймыз!
08 Ақп
Жаңалықтар / Олимпиадалар
⚜️ 2024 жылғы 8 ақпанда жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің 2 күні өткізілуде. ⚜️ Олимпиада екі бағытта өткізілуде. Қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі және ағылшын тілі пәндерінен. […]
07 Ақп
Жаңалықтар / Олимпиадалар
📌 2024 жылғы 7-8 ақпан күндері жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың ІІ (аудандық/қалалық) кезеңі өткізілуде. 📌 Олимпиадаға Жетісу облысы бойынша 8 аудан, 2 қала және 4 мамандандырылған лицейден жалпы 3 865 оқушы қатысуда. Барлық оқушыларға сәттілік тілейміз!
02 Ақп
Жаңалықтар
2024 жылғы 02 ақпан күні университет қызметкерлерінің Талдықорған қаласындағы Мұхтар Арын атындағы №24 мамандандырылған лицей оқушыларымен кездесуін ұйымдастырды.Кездесу барысында университет бағдарламалары, академиялық мүмкіндіктері мен материалдық-техникалық базаларының презентациясы жүргізілді. Оқушылар өз сұрақтарын қойып, жауаптарын тапты. Қызығушылық танытқандар сауалнамалар толтырды.
31 Қаң
Жаңалықтар
🔖🔖🔖 2024 жылғы 30-31 қаңтар аралығында «Жетісу дарыны» оқу-әдістемелік орталығының директоры С.Жумагельдина және Талдықорған қаласындағы №20 мамандандырылған лицейі мен Талдықорған қаласындағы М.Арын атындағы №24 мамандандырылған лицейінің басшы өкілдері «Дарын» РҒПО-ның «Ұлттық құндылықтарға заманауи көзқарас және үздік тәжірибе» тақырыбындағы кеңейтілген оқу-әдістемелік кеңесінің жұмысына қатысты.✅✅✅ Жиынның мақсаты: еліміздің интеллектуалды элитасы – жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды қазіргі таңның […]
30 Қаң
Жаңалықтар / Олимпиадалар
🔖🔖🔖 Еліміздің елордасы Астана қаласында өткен ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының жүлдегерлерін «Жетісу дарыны» оқу-әдістемелік орталығының мамандары, ата-аналар, ұстаздар ерекше ықыласпен қарсы алып, құттықтады. 🥇🥈🥉 Жетісу облысы бойынша олимпиадаға 40 оқушы қатысып, 22 оқушы жүлделі орынмен (6 алтын, 6 күміс, 10 қола медаль және 5 грамота) оралды.