2025 жылғы 5 желтоқсан
Бүгін облысымызда «FIRST» робототехника чемпионатының аймақтық кезеңі қызу өтуде!
Бұл конкурстың басты мақсаты — оқушылардың STEM бағытындағы дағдыларын дамыту, цифрлық технологияларға қызығушылығын арттыру, сондай-ақ ғылыми-техникалық шығармашылыққа жетелеу.
Білім мен тәжірибені ұштастырған сайысқа 8 командадан құралған 50 жас талант қатысып, өз роботтарын таныстырып, шеберліктерін сынға салуда.
Осындай іс-шаралар болашақ инженерлердің, ғалымдардың және жаңашыл ойлы мамандардың қалыптасуына зор үлес қосады. Жарысқа қатысып жатқан барлық оқушыларға сәттілік тілейміз!
Біздің байланыс орталығымызға жазыңыз немесе қоңырау шалыңыз


