Жаратылыстану-математика бағытындағы облыстық вебинар
“Зерттеу ортасындағы олимпиадалық интеллект: ғылыми ойлаудың жаңа қырлары”
Жаркент қаласының орта мектеп мұғалімдері бір алаңда бас қосып, білім беру үдерісіндегі заманауи ғылыми бағыттарды талқылады.
Вебинар барысында қатысушылар:
• зерттеуге негізделген оқытудың маңызын;
• олимпиадалық дайындықты тиімді ұйымдастыру жолдарын;
• ғылыми және аналитикалық ойлауды дамыту тәсілдерін;
• оқушылардың қабілетін ашуға бағытталған әдістерді
жан-жақты саралады.
Педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісіп, жаңа идеялармен толықты.
Бұл вебинар мұғалімдердің кәсіби әлеуетін арттырып, жаратылыстану-математикалық білімнің сапасын көтеруге үлес қосты.
Ғылымға негізделген білім – болашақ жетістігінің кепілі!
Біздің байланыс орталығымызға жазыңыз немесе қоңырау шалыңыз


