Талдықорған төріндегі Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектептің дарындары, облыстың қос бозторғайы – Серікболат Әмина мен Омар Амир республикалық Маралтай оқулары байқауында жарқырап, өздерінің дара үнін, биік дарынын дәлелдеп, мақтанышқа лайық арнайы грамотамен марапатталды!
Қазақ поэзиясының көңіл төрінен орын алған, жыр әлемінің жұлдызды есімі – Маралтай Райымбекұлы.
Сезімді жырдың суретіне айналдырып, әр өлеңімен жүрекке от тастайтын ақынның шығармашылығы – жас буынға жол нұсқап, рухани биікке бастайтын шамшырақ іспетті.
Осындай өнер бәйгесіне жол бастаған, оқушылардың талантын тереңінен көре білген, әр сөзден шабыт беріп, әр қадамнан демеу көрсеткен ғылыми жетекші – Сайдгариева Рита Гарриевна шәкірттерінің бұл жетістігіне ақ жүрек ниетімен, жанкешті еңбегімен үлес қосты. Ұстаз еңбегінің шынайы жемісі – шәкірт жеңісі екеніне бұл тағы бір айқын дәлел.
Бүгін өзгелерден дараланып шыққан Әмина мен Амир – ертеңгі әдебиет төрінің жаңа есімдері, қазақ жырының болашақ шамшырақтары болуы әбден мүмкін.
Жолдарың әркез ашық болсын, сөздерің қашанда нұрлы болсын!
Талантыңдар – биіктерге жетелейтін қанатыңдар.
Жарқырай беріңдер, жас дарындар!
Біз сендерді мақтан тұтамыз!
Біздің байланыс орталығымызға жазыңыз немесе қоңырау шалыңыз


