28Қаз
Жаңалықтар

Облыстық олимпиада: 850 дарынды оқушы білім сайысына қатысуда

2025 жылғы 28–29 қазан күндері облысымызда ерекше білім мерекесі өтпек — ауыл мектептерінің 9–11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі

Бұл кезеңге облыстың түкпір-түкпірінен келген 850 дарынды оқушы қатысуда. Олар өз білімін сынап, үздіктердің үздігі болуға талпынбақ

Олимпиада 2 турдан тұрады, әр тур — жас таланттардың білім шыңына жол ашар үлкен мүмкіндік

Білімге құштар жастарымызға сәттілік тілейміз!
«Білім – болашақтың кілті!»

Біздің байланыс орталығымызға жазыңыз немесе қоңырау шалыңыз