2025 жылғы 28 қазанда облыс көлемінде көптен күткен «Ақберен» республикалық өнер байқауының облыстық кезеңі өтті. Бұл күн — өнерге құштар жастардың шабытқа толы мерекесі болды!
Байқауға 8–11 сыныптардан 76 оқушы қатысып, өздерінің өнерін, таланты мен шабытын ортаға салды. Әрбір қатысушы сахна төрінде жарқырап, жүрекпен орындаған өнері арқылы көрерменнің ыстық ықыласына бөленді
Байқаудың мақсаты – жастардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау, гуманитарлық және эстетикалық бағыттағы кәсіби дамуына жол ашу. Сондай-ақ өлең жазуға, шешендікке, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілікті арттыру болып табылады.
Байқау келесі номинациялар бойынша өтті:
1Ақындар мүшәйрасы
2 Шешендік, білгірлік сайысы
3 Көркемсөз оқу
4 Эссе жазу
5 Ұлттық аспапта өнер көрсету
6 Ақындар айтысы
«Ақберен» байқауы – жас таланттардың шығармашылық қанатын кеңге жаюына, ұлттық мәдениет пен әдебиетті дәріптеуіне жол ашатын үлкен мүмкіндік!
Бұл өнер мерекесі қатысушыларға тек шабыт пен қуаныш сыйлап қана қоймай, жаңа достар мен ұмытылмас әсерлер тарту етті
«Ақберен» – рухани байлық пен өнердің тоғысқан бәйтерегі!
Біздің байланыс орталығымызға жазыңыз немесе қоңырау шалыңыз


