17Қаз
Жаңалықтар

Облыстық “Қуат Қайранбаев оқулары” байқауы өз бастауын алды!

2025 жылдың 17 қазан күні жергілікті әдебиеттің көрнекті өкілі – Қуат Қайранбаевтың шығармашылығына арналған облыстық шығармашылық байқау алғаш рет ұйымдастырылуда.

Байқаудың мақсаты – ақынның әдеби мұрасын жас ұрпаққа кеңінен таныту, оқушылар мен студенттердің әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ дарынды жастарды анықтап, қолдау көрсету.

Байқауға облыс өңірлерінен 8–11 сынып оқушылары мен колледждің 1–2 курс студенттері, барлығы 64 қатысушы бағын сынауда.

Барша қатысушыларға сәттілік, шығармашылық шабыт және жарқын жеңіс тілейміз!

Біздің байланыс орталығымызға жазыңыз немесе қоңырау шалыңыз