17Қаз
Жаңалықтар

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ПЕН ҚАУІПСІЗДІК – ТАБЫСТЫ БОЛАШАҚ КЕПІЛІ!

9–11(12) сынып оқушыларына арналған Республикалық қаржылық сауаттылық және қауіпсіздік олимпиадасының мектепішілік кезеңі басталды!

Бұл маңызды іс-шара
2024 жылғы 2 қыркүйектегі Мемлекет басшысының Жолдауын,
«Қаржылық сауаттылық негіздері бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеу» атты Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 71-тармағын,
Сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігінің Жол картасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. 🇰🇿

Мақсат:
Оқушылардың қаржылық мәдениетін арттыру, жеке жауапкершілік пен қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру.

Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!
Білімге ұмтыл, өз қаржыңды дұрыс басқар, болашағыңды жарқын ет!

Біздің байланыс орталығымызға жазыңыз немесе қоңырау шалыңыз