08Қаз
Жаңалықтар

Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың ІІ (аудандық) кезеңі басталды!

8–10 қазан 2025 жыл аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі smart.daryn.kz онлайн-платформасында өтуде.

Академиялық адалдықты қамтамасыз ету мақсатында YouTube арқылы бейнетрансляция жүргізілді.

Жетісу облысы бойынша:
4053 оқушы аудандық кезеңге қатысуда!

8 қазан күні өтетін пәндер:
Физика – 09:00–10:00
Химия – 11:00–12:00
География – 13:00–14:00
Информатика – 15:00–16:00
Математика – 17:00–18:00

Бүгінгі сайыста 1410 оқушы өз білімін сынайды.

Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!
Білім биігін бірге бағындырайық!

Біздің байланыс орталығымызға жазыңыз немесе қоңырау шалыңыз