11Қыр
Жаңалықтар

Жас географтар халықаралық аренада жеңіс тұғырынан көрінді!

Сербия астанасы Белградта алғаш рет ұйымдастырылған жасөспірімдерге арналған географиядан халықаралық олимпиадада (IJGO-2025) жерлесіміз, Талдықорған қаласының М.Арын атындағы №24 мамандандырылған лицейінің 9-сынып оқушысы күміс жүлдегер атанды!

Бекбол Дарынның жетістіктері:

2025 жылғы 29 маусым – 3 шілде аралығында Литва астанасы Вильнюсте өткен Географиядан Еуропалық олимпиадада (EGeO) – I орын иегері;
7–8 сынып оқушылары арасындағы Ұлттық олимпиада жеңімпазы (2023-2024 оқу жылы);
7–8 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың I орын жүлдегері (2023-2024 оқу жылы);
Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың I орын иегері (2025, 9-сынып).

Бекбол Дарын – Жетісу жұртшылығының мақтанышы!
Оған болашақта да жаңа белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз!

Біздің байланыс орталығымызға жазыңыз немесе қоңырау шалыңыз