20 тамыз 2025 жыл
📍 Жетісу облысы
Жетісу облысы әкімінің қатысуымен «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбындағы облыстық тамыз кеңесі өтті.
Кеңес аясында білім басқармасына қарасты мекемелердің жаңа жобалары мен тың бастамалары таныстырылды.
🌟 Халықаралық және республикалық білім додаларында облыс намысын абыроймен қорғап жүрген дарынды оқушыларымыз – Сайлаубай Әл-Тайыр, Исмағзи Исатай, Жолмырза Бағдәулет, Тінәлі Дінмұхамед, Шарипов Нұрасыл – шараға қатысып, жиынның мазмұнын толықтыра түсті.
🔹 Көрмеде «Жетісу дарыны» орталығы әзірлеген Digital жаттықтыру алаңында Quiz Bot тренажері таныстырылды.
Бұл – ауыл мен қала арасындағы алшақтықты жойып, оқушыларға кез келген уақытта, кез келген жерде дайындалуға мүмкіндік беретін жаңа буын құралы.
Digital Quiz Bot артықшылықтары:
✅ Қолжетімділік – кез келген уақытта, кез келген жерде дайындалуға мүмкіндік;
✅ Қарапайымдылық – балаға тек телефон мен интернет қажет;
✅ Тиімділік – олимпиадалық деңгей, педагогтердің кәсібилігі, ата-аналар шығынын үнемдеу.
🔜 Алдағы жоспарлар:
– Химия және физика пәндерін қосу;
– Жасанды интеллектіні белсенді қолдану;
– Онлайн-сайыстар мен лидерборд жүйесін енгізу;
– «El Umiti Talent» платформасымен интеграциялау.
📌 Digital Quiz Bot – ауыл мен қала оқушыларына тең мүмкіндік беретін білімдегі жаңа қадам!
Біздің байланыс орталығымызға жазыңыз немесе қоңырау шалыңыз


