11Қыр
Жаңалықтар

Олимпиадалық қозғалыс: Қазақстандағы жаңа бағыттар мен болашаққа бағдар

19 тамыз 2025 жыл
«Жетісу дарыны» оқу-әдістемелік орталығы «Олимпиадалық қозғалыс: Қазақстандағы жаңа бағыттар мен болашаққа бағдар» тақырыбында өткен тамыз кеңесі өз мәресіне жетті.

Бұл маңызды жиын «Олимпиадалық қозғалыс: Қазақстандағы жаңа бағыттар мен болашаққа бағдар» тақырыбында ұйымдастырылып, өңір ұстаздарына республикалық пәндік олимпиадалар мен зияткерлік конкурстардың жаңа құрылымы мен мазмұнын таныстыруға, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталды.

Жиын барысында дарынды оқушылармен жұмыстың заманауи әдістері, халықаралық тәжірибелер, цифрлық жаттықтыру алаңдары, олимпиадалық даярлықтың жаңа тәсілдері таныстырылып, тәжірибе алмасу алаңы құрылды.
Спикерлер өз салаларындағы үздік тәжірибелерін бөлісіп, олимпиадалық дайындықтағы тиімді жолдарды көрсетті.

Жабылу салтанатында спикерлер мен қатысушылар арнайы сертификаттармен марапатталды.
Сонымен қатар, білім саласының дамуына елеулі үлес қосып жүрген облысымыздағы бірқатар ұстаздарымызға «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының Құрмет грамотасы табысталды.

Бұл марапат – ұстаздарымыздың еңбегіне берілген әділ баға, дарынды балаларды қолдау жолындағы қажырлы жұмыстың жемісі.

Барша қатысушыларға алғыс айтамыз! Тамыз кеңесі жаңа оқу жылы қарсаңында тың идеялар мен кәсіби шабыт сыйлап, ұстаздардың олимпиадалық қозғалыстағы рөлін нығайта түсті.

Біздің байланыс орталығымызға жазыңыз немесе қоңырау шалыңыз