2025 жылғы тамыз педагогикалық кеңесі – Жетісу жеңістері
2025 жылғы 11–13 тамыз аралығында Алматы қаласында, Сүлейман Демирел университеті базасында «Қазақстандағы олимпиадалық қозғалыстың қазіргі трендтері мен даму векторлары» тақырыбында республикалық тамыз педагогикалық кеңесі өтті.
Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған білім саласының өкілдері үшін бұл – жыл қорытындысын жасап, жаңа оқу жылына тың серпінмен қадам басуға мүмкіндік берген маңызды басқосу болды.
Жетісу өңірі үшін бұл кеңес – ерекше мақтаныш сәттерімен есте қалды:
«Жетісу дарыны» облыстық оқу-әдістемелік орталығы – тамыз конференциясында үздік көрме ұйымдастырғаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.
№20 мамандандырылған лицей (Талдықорған) – олимпиадалық дайындықтағы жоғары жетістіктері үшін Қазақстан бойынша «Ең үздік олимпиадалық мектеп – 2025» атағына ие болды.
М.Арын атындағы №24 мамандандырылған лицей – оқушыларды республикалық пәндік олимпиадаларға дайындаудағы үздік еңбегі үшін Алғыс хатпен марапатталды.
Бұл марапаттар – Жетісу өңірінің дарынды балаларды қолдау, білім сапасын арттыру және жас ұрпақты жаңа белестерге жетелеу жолындағы жүйелі еңбегінің жемісі.
Біз алдағы уақытта да білімді, 🇰🇿 елжанды, ізденімпаз ұрпақ тәрбиелеу ісін табандылықпен жалғастырамыз!
#ЖетісуДарыны #ТамызКеңесі2025 #Дарын #БілімЖетістігі #Олимпиада #ЖетісуЖеңісі
Біздің байланыс орталығымызға жазыңыз немесе қоңырау шалыңыз









